“Бақытты жанұя” орталығының аналарына семинар-тренинг өтті
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Бақытты жанұя” орталығында семинар-тренинг өтті.
Өзіне деген сенімділік пен ойлау дағыларын дамыту мақсатында өткен семинар-тренингті тәжірбиелі психолог, гештальт-терапевт Салтанат Сайлауқызы жүргізді.
Семинар-тренингте қиын жағдайда тығырықтан шығу жолдары мен психология құбылыстардың алдын алу бағытында кеңес беріліп, түрлі ойындар ойнатылды.
Психологиялық кеңес беру – қазіргі психологияның қолданбалы саласы. Бұндай кеңестер психологтар тарапынан алдын ала зерттеген тақырып бойынша әңгіме өткізу немесе туындаған мәселелерді бұрынғы тәжірбиелер арқылы шешу арқылы жүзеге асады. Мұндай әңгімелесулер әдетте арнайы белгіленген орында келісілген уақытта өткізіледі. Әңгіме уақытында кедергі болатын жағдайларға жол берілмеуі керек.
Психологтың кеңес беру сеансы клиентпен жеке әңгімесі ретінде 10 минуттан 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Осы әңгімелесу кезінде клиент психологқа өзі туралы, басында туындап отырған мәселесі жайында әңгіме қозғайды. Ал психолог болса әңгімені мұқият тыңдап, түйінді мәселелерді шешудің жолын қарастырады. Кеңес кезінде клиенттің жеке тұлға ретінде қасиеттері бағаланады.Бағаланып қана қоймай, клиентке ғылыми анықтама беріледі. Сөйте келе психолог оның басындағы ірілі ұсақты мәселелерді шешуді жан жақты қарастырып, оның ішіндегі ең маңыздысын таңдайды.
Әдетте клиенттің мәселесін психолог кеңесші өзі жүріп шешіп бермейді. Біз сөз етіп отырған кеңес психолог кеңесшінің ұсыныстары мен ақыл кеңесі негізінде клиенттің мәселесін шешуге көмектесуді көздейді.Психологиялық кеңес бұл психологтың адам табиғатын көп жылдар бойы зерттеу нәтижесінде жасаған қорытындысы. Яғни, әр бір толыққанды тұлға өз басындағы туындаған мәселені шешуге шамасы жетеді, тек оған дер кезінде дұрыс бағыт бағдар көрсету керек. Міне, психолог кеңесшінің ең басты мақсаты осы.
Кеңес кезінде психолог арнайы әдіс тәсілдер қолданады. Бұл тәсілдер барынша қысқа мерзімде клиенттің мәселесін шешуді көздеуі керек. Сондай-ақ, психологтың шешімі клиентке әрі түсінікті әрі ыңғайлы болғаны дұрыс. Психологтың кеңесі клиентпен бір екі рет өткізумен шектеліп қалмайды. Көп жағдайда ұзақ мерзімді кеңес беру әдісі қолданылып, үш немесе оданда көп кездесу ұйымдастырады.