ЖаңалықтарШымкент

«Аутодеструктивті мінез-құлық және психологиялық ерекшелік» тақырыбында семинар-тренинг өтті

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бақытты жанұя» орталығының аналарына «Аутодеструктивті мінез-құлық және психологиялық ерекшелік» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Мақсаты – жастар арасында күйзелістік жағдайлар аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және психологиялық сауаттылығын арттыру.

Көбінде аутодеструктивті әрекеттер, яғни ол алкоголь, темекі мен есірткі заттарын қабылдап, денсаулығына және психикасына зиян келтіруінен пайда болады. Осы бағытта орталық психологы аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік ойын ойнатты.

Бала тәрбиесі  баршамызға ортақ екенің бәріміз жақсы білеміз.Қазіргі таңда қоғамда шешімін табылмай жатқан мәселелер көп. Солардың бірі-жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекет. «Аутодеструктив»сөзі  латын тілінен «қалыпты жағдайдағы құрылымының  бұзылуы» деп аударылады.

Аутодеструктивті әрекеттер, яғни ол алкоголь, темекі  мен есірткі заттарын қабылдап, денсаулығына және  психикасына  зиян келтіруі, ішкі  эмоционалды қуатын шығару негізінде, адамның өз-өзіне  қол жұмсау  себебіне соңы  өлімге әкеліп соғатын  жағдай  деп қарастырамыз.Аутодеструктивті  міңез-құлық  қалыпты дамуға, адамның  психологиясына кері әсері етеді.   Яғни, суицид ауруы жастар арасында  мұндай   дерттің кеңінен таралуы алаңдатарлық жағдай. Жалпы, жасөспірімдік кезең-адамның тұлға болып қалып  тасуына әсер  ететің маңызды фактор екенің  түсінікті. Бұл   кезең де  олар нәзік жанды,  тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш   болып  келеді. Ал  жеткіншектік    шаққа аяқ басқанда  адамның қалыптасуы    сана-сезімнің  дамуындағы өзгеріспен анықталды. Жасөспірім өзің  ересекпін   деп сезіне бастайды,  яғни  ол мұндай құбылысты   айналадағылардан  да талап  етуге  ұмтылыды.

Бүгінде білім  саласында осы тақырып  жөніңде   арнайы сабақтар  өткізіліп,  аутодеструктивті   міңез-құлықты     болдырмаудың   жолдары кеңінен   түсіндірілуде.   Білім беру мекемелерінің психологтары аутодеструктивті мінез-құлық бойынша ерекше назардағы балалармен  жұмысты әлеуметтік педагогтармен, инспектормен, сынып жетекшілерімен, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен өзара бірлесіп атқарыланады.

Back to top button