«Өрт қауіпсіздігі және улы газбен уланудың алдын алу» тақырыбында 12948 оқушы қамтылған 594 нұсқама жүргізілді
Өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша 2023-2024 жылдары «өрт қауіпсіздігі және улы газбен уланудың алдын алу» тақырыбында 12948 оқушы қамтылған 594 нұсқама жүргізілді, 1255 ата-ана қамтылған 28 жиналыс өткізілді, 663 оқушыға өрт сөндірушілердің күнделікті өмірімен техникаларын көрсете отырып, өрт сөндіру бөлімдерінде ашық есік күні ұйымдастырылды, 310 оқушы қамтитын 17 интерактивті сабақ өткізілді. Мұғалімдер мен оқушыларға 5 рет өрт-тактикалық оқу сабақтары өткізілді.
Жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың барлығы оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған, өрт қауіпсіздік ержелерін үйретуге тек қана жадынамалармен шектелмей, түрлі әдістерді қолданып келудеміз.
Департамент қызметкерлері өз бастамасымен өрт қауіпсіздігі тақырыптарында қызықты шығармашылық комикстер, мультфильм әзірлеп, балабақша бүлдіршіндеріне дейін баулуға тырысуда.
Сондай-ақ, білім басқармасымен бірлесіп қаланың әр мектебінде «Жас құтқарушылар», Оқушылар сарайында «Қауіпсіздік әліппесі» үйірмелері құрылған. 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін білім беру объектілерінде өрт орын алмаған.
«Білім беру мекемелеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі мен жауапкершілігі» тақырыбында сарапшылық талдау өтті. Іс-шараның мақсаты білім беру мекемелерінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың саламаттығын қамтамасыз етуде Шымкент қаласының мемлекеттік органдары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды және ұсыныс-пікірлерді медиа-алаңда талқылау. Эксперттік жиынға Шымкент қаласының Полиция департаментінен, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен, Төтенше жағдайлар департаменттерінен, Білім, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және Денсаулық сақтау басқармаларынан салаға жауапты басшылар және БАҚ өкілдері қатысты.
Айта кетейік, 2023 жылдың 31 тамызда ҚР Үкіметінің № 748 Қаулысы шықты. Қаулыда балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген.