Алимент өндіру санаттағы істермен айналысатын арнайы кеңсе жұмыс істейді
Алимент өндіру санаттағы өндірістердің әлеуметтік маңыздылығы жоғары. Қалада жыл басынан алимент өндіру талаптары бойынша сот орындаушыларда 14 685 іс орындауда болып, оның 2 032-сі бойынша өндірістер аяқталған болса, 12 653 құжат қалған.
Айта кетерлігі, осы санаттағы істермен айналысатын 6 жеке сот орындаушыларынан құралған арнайы кеңсе ашылған. Алименттік өндірістердің көбісі қазіргі таңда осы кеңседе жүргізілуде.
Орындау барысындағы істердің ішінен 50%, яғни, 5 864 құжат бойынша алимент борышкерлердің айлық жалақысынан ұсталып жатыр. Үш айдан асатын мерзім ішінде өндірілмей жатқан 543 «проблемалы» алименттік өндіріс бар. Олар бойынша жалпы 801 321 622 теңгеге қарыз қалыптасқан. Осы төлемдердің ұзақ мерзімде өндірілмеуінің негізгі себептерінің бірі – борышкердің тұрғылықты мекен жайының анықталмауы, яғни, борышкерлердің іздеуде болуы. Сот орындаушылардың қаулыларына сәйкес, 531 алимент борышкеріне қатысты іздеу жарияланып, істер уақытша тоқатылған.
Жалпы 159 алимент төлеуші борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 84 азамат алимент төлеу міндеттерін орындамаған, 32 борышкер 5 тәулікке дейін қамаққа алынған болса, 52 борышкерге 5 АЕК мөлшерінде, яғни 17 250 теңге айппұл салынды.
Жұмыспен қамту орталығымен бірлескен іс-шаралар нәтижесінде 241 алимент төлеуші жұмысқа орналастырылды. Сот орындаушылары мен жұмыспен қамту орталығының бірлескен шаралары нәтижесінде 241 алимент төлеуші жұмысқа орналастырылып, алиментті жалақаларынан өндіруге мүмкіндік пайда болған.
Өкінішке орай, кейбір азаматтар ұсынылған жұмысқа тұрмай, алиментті төлеуден жалтаруды жалғастырған фактілері де орын алған.
Осы орайда, сот орындаушыларының өндіріп алушылардың өтініштерімен полиция органдарына жолдаған материалдары бойынша жалпы 4 қылмыстық іс сотқа өтіп, 4-не қатысты айыптау үкімдері шыққан.