«Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы қолға алынды
Биылғы жылдың тамыз айынан бастап белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-шараларға ерікті ретінде тарту мақсатында Агенттікпен «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы қолға алынды.
Жоба аясында кез келген бастамаларды ұсынып, бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігін қадағалай аласыз немесе аймақтағы проблемалық мәселелерді бақылай аласыз. Қазірдің өзінде белгілі бір нәтижелер бар.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде кезең-кезеңмен бірқатар маңызды заңнамалық шаралар қабылданды. Мәселен, 2021 жылдың 10 қаңтарынан бастап Еңбек Кодексінің 26-бабы 2-тармағына өзгерістер енгізіліп, онда квазимемлекеттік сектор субъектілеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді делінген.
Аталған бап нормаларына қатысты азаматтар тарапынан жиі шағымдарына орай Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотымен материалдар зерделеніп, нормативтік қаулы әзірленді.
Жоғарыдағы қаулы негізінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамның квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуына шектеу көрсетілген ұйымдарда басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымдарға үміткер адамдарға қатысты қолданылады.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Департаментке жүгіне алады немесе тәуліктің кез келген уақытында CaII-орталыққа 1424 нөмірі бойынша қоңырау шала алады. Осы нөмірге қоңырау шалу арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты сеніп қалдыруға немесе кеңес алуға болады.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды біржолғы ақшалай сыйақы беру, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау формасында жүзеге асырылатын көтермелеулер көзделгенін атап өткім келеді.
Соңғы 4 жылда Департаментпен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесуге ықпал еткен 29 тұлға көтермеленіп, олардың сыйақы мөлшері 5,7 млн. теңге құрады.