Уайымға салынған ана погонды қызметкерлерге шынайы алғысын білдірді
Шымкентте ақ параққа қоштасу хатын жазып, үйінен кетіп қалған бала аман-есен табылды. Абай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз шағымында отбасылық жанжалдан кейін 15 жастағы баласының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын жеткізді.
Азаматшаның айтуынша мұндай жағдайлар бұған дейін бірнеше рет қайталанған. Алайда, ол бұл туралы полицияға шағым түсірмепті. Осы жолы баласының үйден кетуіне анасының мопед алып бермеуі себеп болған.
Жасөспірім кетер алдында ақ параққа «анасын жақсы көретінін, оған жақсы бала бола алмағандығын, енді мұндай қателіктер қайталанбайтынын, тек мопед айдап бақытты болып жүргісі келгенін» жазып көрсеткен.
Жоғалған баланы жедел іздестіру жұмыстарына Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Бейнекамералар мен жасөспірімнің баруы мүмкін жерлер, сауда нүктелері мен қала көшелері тексерілді.
Бір жарым тәулікке жалғасқан іздеудің нәтижесінде, тәртіп сақшылары ер баланы қаладағы тастанды үйлердің бірінде жасырынып отырған жерінен тапты.
Полицейлер жеткіншекпен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіп, ақымақтыққа бармау туралы ескертті. Ал, әбден уайымға салынған ана погонды қызметкерлерге шынайы алғысын білдірді.
Полицияның 102 арнасына 8-шағынаудан тұрғындарынан үш баланың із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Ата-аналардың айтуынша, аулада ойнап жүрген 6 және 9 жастағы балаларының, біраз уақыт өте ойын алаңында жоқ екенін байқаған.
Өздері жүргізген іздеу жұмыстары оң нәтиже бермеген соң, тұрғындар тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген.Жоғалған жасөспірімдердің жүрген жерін анықтауға учаскелік инспекторлар, ювеналды полицейлер, кинологтар және патрульдік полицияның экипажы жұмылдырылды.
Сақшылар жергілікті тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жақын маңдағы сауда және ойын-сауық орындары мен ойын алаңдарын тексерді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жарты сағаттың ішінде балаларды сол шағынаудан аумағынан тапты. Достар үлкендерді ескертпей, көрші аулаға ойнауға кеткені белгілі болды.