BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда ақылы жолдармен жүру бағасы қымбаттады

Қазақстанда ақылы жолдарда жол жүру бағасы қымбаттайды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетініңәзірлеген бұйрық жобасында жазылған, – деп хабарлайды Basnews.kz.
Автобустар үшін баға орын санына, жүк көліктері үшін – жүк көтергіштігіне байланысты өзгереді.
11 ақылы жолдың бағасына өзгерістер енгізілмек. Тарифтер айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты болса, жол ақысы 20%-ға өсуі мүмкін. Айта кетейік, Қазақстанда 1 АЕК 3450 теңгені құрайды.
Ақылы жолдардағы баға өзгерістері:

«Астана – Щучинск» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0696 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,3478-ден 1,8087 АЕК-ке дейін.

«Астана – Теміртау» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0696 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,2435-тен 1,1652 АЕК-ке дейін.

«Алматы – Қорғас» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,1043 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,5217-ден 2,5565 АЕК-ке дейін.

«Алматы – Қонаев» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0348 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,0696-дан 0,3478 АЕК-ке дейін.

«Тараз – Қайнар» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0835 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,4104-тен 2,0661 АЕК-ке дейін.

«Шымкент – Қызылорда» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,153 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,7617-ден 3,8435 АЕК-ке дейін.

«Щучинск – Көкшетау» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0209 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1043-тен 0,5217 АЕК-ке дейін.

«Астана – Павлодар» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,1322 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,6470-тен 3,2487 АЕК-ке дейін.

«Шымкент – Тараз» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0313 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1496-дан 0,7617 АЕК-ке дейін.

«Қонаев – Талдықорған» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0661 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,3270-тен 1,6209 АЕК-ке дейін.

«Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентке)» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0313 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1461-ден 0,7304 АЕК-ке дейін.

Back to top button