BasNewsЖаңалықтар
2023 жылдың 7 айында Қазақстан 1 млн тоннадан астам ұн экспорттады
Қазақстанда ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында 1,7 млн тонна ұн өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7% – ға артық, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Basagro.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл ретте ұн импорты 1,4% немесе 24,2 мың тонна өнімді құрайды. Импорт жеті айда 1,1% – ға өсті.
Ағымдағы жылдың жеті айында экспортқа 1 млн тоннадан астам ұн жөнелтілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7% – ға артық.
Ішкі нарықта барлығы 716 мың тонна өнім сатылды.