BasNewsЖаңалықтар

Тоқаев неміс компанияларын инвестиция салуға шақырды

Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Президент қазақ-неміс ынтымақтастығының негізгі секторы – мұнай мен машина жасау, газ, өндіріс және ауыл шаруашылығы екенін атап өтті.

Біз Германияның жаңа компанияларын Қазақстандағы жасыл өсімге, инновацияға, сутегіне, жасыл энергетика өндірісіне инвестиция салуға шақырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бүгін түстен кейін өтетін Қазақстан-герман инвестициялық форумынан зор үміт күтенін айтады.

Менің ойымша, бұл форум мен оның аясында үкіметтік әрі бизнес деңгейінде қол жеткізілетін келісімдер сауда және инвестициялық ынтымақтасты

Back to top button