Қазақстандық оқушыларға ар-ождан мен ризашылық сынды құндылықтар үйретіледі
Қазақстанда Біртұтас білім беру бағдарламасы әзірленді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Ведомство өкілдері білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік жұмыс Біртұтас білім беру бағдарламасы негізінде іске асырылатынын атап өтті.
«Бағдарламаның мақсаты – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде саналы азамат тәрбиелеу. Ұлттық мүдде, ар-ождан, ризашылық, қайырымдылық, ынта-жігер сынды құндылықтар білім беру ұйымдарының барлық тәрбиелік жұмысының мазмұнында көрініс табады».ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Бұған қоса министрлік өкілдері «білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің тұрақты басымдықтары оқушылардың саулығын сақтау, оларға жеке тұлға ретінде құрмет пен сенім көрсету, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып саналатынын» айтты.
«Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды тәрбиелеу оқу пәндерінің мазмұны, сынып сағаттары мен іс-шаралар, сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша білім беру (үйірмелер, секциялар, факультативтер) арқылы жүзеге асырылатын болады», – деп мәлімдеді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.