BasNewsЖаңалықтар
Алматыда 6 жасар бала шатырдан құлап қаза болды
Алматыда тұрғын үй кешенінде алты жасар бала шатырдан құлап кетіп, қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Баланың Алматыға Атыраудан келгені белгілі болды. Алматы полиция департаменті оқиғаның 30 қыркүйекте болғанын хабарлады.
«2017 жылы туған ұл баланың қазасы бойынша Бостандық ауданы ішкі істер бөліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген хабарламада.