Риддердегі ЖЭО жұмысы тағы тоқтатылды
Риддер жылу электр орталығында 27 қыркүйекте іске қосылған №3 қазандық қайта тоқтатылды. Әкімнің айтуынша, жабдық қосымша сынақтан өткізу қажет, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаевтың хабарлауынша, 2 қазан күні кешке 27 қыркүйек күні іске қосылған қалалық жылу электр орталығында №3 қазандығы қайта тоқтатылды. Өйткені жабдықты қосымша тексеру қажет болған.
«Ережеге сәйкес, күрделі жөндеуден өткен электр станцияларының жабдықтары 48 сағат ішінде жүктеме кезінде қабылдау-тапсыру сынақтарына жатады. Жабдықты кешенді сынау негізгі жабдықтың қалыпты жүктемесі және жылу электр станциясы үшін будың жобалық параметрлері (газ турбиналық қондырғылар үшін) бар негізгі отынмен 72 сағат ішінде қалыпты және үздіксіз жұмыс істеуі жағдайында судың қысымы мен шығыны кезінде жүргізілді деп есептеледі», – деп түсіндірді Дәулет Батырбаев.
Бұл хабарландыруға қала тұрғындары наразылығын білдіріп жатты. Олардың сөзінше, әкімдік мұндай ескертпені қалалықтар әлеуметтік желіде наразылығын білдірмей тұрып, ыстық суды өшіретіннің алдында айтуы керек еді.