BasNewsЖаңалықтар

Стоматологтың қабылдауынан кейін комаға түскен 17 жасар жасөспірім қайтыс болды

Көкшетау маңындағы Красный Яр ауылының тұрғыны 17 жасар ұлы Асылжанның өліміне медицина қызметкерлерін кінәлайды. Айтуынша, тіс дәрігерінің кесірінен ол көз жұмды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Baigenews.kz сайтына сілтеме жасап.

Зауре Көшінова жігіт жергілікті емхананың тіс дәрігеріне барып, содан кейін комаға түсіп, мерт болғанын айтады. Әйелдің айтуынша, оған тіс дәрігері инфекция жұқтырған.

Асылжан екі апта бұрын жерленді. Жоғары техникалық колледждің үшінші курсын оқып жүрген. Сабақ басталардан бұрын алдыңғы екі тісті емдемек болған.

“Шілде айының соңында емханаға тіс дәрігеріне барған,  тамызда ұлының қызыл иегі қабынып, дәрігер антибиотиктерді тағайындаған. 4 қыркүйекте қайтадан барады. Алтыншы күні таңертең баланың температурасы көтеріліп, құсады”, – дейді Зауре.

Әйел дереу жедел жәрдемді шақырғанын, бірақ фельдшерлер қандай да бір себептермен баланы ауруханаға апармағанын айтады.

“Баланың дене қызуы 42 градус болды. Ыстығын түсіретін дәрі беріп, дәрігерлер келгенде 39,7 болды. Бірақ бұл да көп қой! Олар қан қысымын өлшеп, тамағын тексерді, қызарып кеткен деді. Лугольді қызылмай қоспасымен өңдеп, шайып, күндіз емханаға бару ұсынылды. Ұлым барғанда, ем жазып беріп, үйге жіберді”, – деді марқұмның анасы.

Асылжанның халі одан бетер нашарлап, көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

“Баламның аузы қисайып, қатты әлсіреген, жүре алмай қалды. Денесінің оң жағы қозғалмай қалды. Көпсалалы облыстық ауруханаға компьютерлік томографияға жіберілді. 7 қыркүйекте комаға түсті. Миы ісіп, қанына вирус енген. Дәрігерлер консилиум жинады, әр үш сағат сайын талдау анализін жасатты”, – деді анасы.

Дәрігерлер оған инфекция тіс арқылы енгенін айтқан.

Тоғыз күннен кейін жігіттің жүрегі тоқтаған. Асылжан 19 қыркүйекте жерленді. Зәуре Көшінова прокуратураға арыз жазды. Оның пікірінше, 17 жастағы дені сау жасөспірімнің өліміне медицина қызметкерлері кінәлі. Ол инфекция кіргізген тіс дәрігері мен дене қызу жоғары науқасты ауруханаға апармаған жедел жәрдем бригадасының жазалануын қалайды.

“Инфекцияның тіс арқылы енгенін мен емес, дәрігерлер айтты. Менің балам комада жатқанда, мұрнынан төрт жарым литр ірің шықты”, – деді ол.

Асылжан – Зәуренің үш баласының үлкені. Ол жеті жыл бұрын жұбайынан айырылып, балаларын жалғыз өсіреді. Қазір Зауре мәйітті ашу нәтижелерін күтуде. Әзірге ресми жауап жоқ.

Красный Яр ауылының алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы стоматолог-дәрігер денсаулық жағдайымен әзірге демалыс алғанын мәлімдеді. Медициналық мекеменің бас дәрігері сарапшылардың пікірін күтуді ұсынды. Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы тексеру басталғанын мәлімдеді.

“Басқарма жанынан толыққанды және шынайы ақпарат беру үшін тексеру жүргізу және бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау үшін комиссия құрылады”, – деп атап өтті ведомствосында.

Back to top button