Бүгін – Мұғалімдер күні
Қазақстанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі атап өтілетін күн бекітілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
5 қазанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні аталып өтіледі. Қаулыны Үкімет қабылдады.
«Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазанның бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден аса елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді», – делінген Үкімет сайтында.
«Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі», – делінген хабарламада.
Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.