BasNewsЖаңалықтар
Күзгі егін орағы: 11,7 млн тонна астық бастырылды
Қазақстандық фермерлер 12,6 млн га астық немесе 72,7%-ін жинады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабектің төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында айтылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
АШМ ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары Мұрат Іргебаевтың ақпаратынша, осы кезеңде 11,7 млн тонна астық бастырылды, орташа өнімділік көрсеткіші 9,3 ц/га құрайды, Майлы дақылдар – 352,7 мың тонна, картоп – 2,1 млн тонна, көкөніс – 3,2 млн тонна, ал бақша өнімдері – 2,8 млн тонна.
«Бірінші кезектегі міндет – келесі жылдың көктемгі дала жұмыстарына тұқым дайындау және себу. Жоспар бойынша 1,9 млн тонна астық тұқымы 935,5 мың гектарға себілді», – деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Сондай-ақ өңірлік қаржы институттарымен фермерлер үшін айыппұл санкциясынсыз несиелерді ұзарту мәселесі пысықталуда.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Ысқақовтың ақпараты бойынша 33 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 2,3 млрд теңге сомаға қарызды ұзартуға өтінім берген. Қолайсыз ауа райынан зардап шеккен басқа қарыз алушылар тарапынан шарттар, ұсынылатын құжаттар тізбесі және міндеттемелерді қайта құрылымдау рәсімдері бойынша өтініштер келіп түсіп жатыр, деп мәлімдеді министрліктегілер.
Сонымен қатар Азық-түлік корпорациясының желісі бойынша форвардтық сатып алу және тауарлық кредит бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін ұзарту үшін фермерлерді іріктеу критерийлері мен шарттарын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіледі. Мерзімді ұзарту шарттары жақын арада жарияланады.
«Жалпы, егін жинау науқанын уақтылы және сапалы өткізу мәселесі ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында», – деп сендірді АШМ.