BasNewsЖаңалықтар
Елшілік Израильдегі қазақстандықтарға үндеу жасады
Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі 7-қазан күні Қазақстан азаматтарына Израильде қалыптасқан жағдайға байланысты үндеу жасады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Қауіпсіздік саласы бойынша жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстанның Израильдегі Елшілігі Қазақстан азаматтарына (нақтырақ айтқанда елдің оңтүстігіндегілерге) тылдағы Басшылықтың бұйырығын орындап, қауіпсіз жерге тұрақтап, ол жерден ресми билік өкілдерінің хабарлауынсыз ешқайда шықпауға кеңес береді»,-делінген хабарламада.
Қазақстанның шұғыл хабар үшін қажет Тель-Авивтегі Елшілігінің телефон нөмірлері:
+972 (3) 741 78 05 (кезекші),
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, whatsapp),
+7 700 111 31 96 (whatsapp).