Израиль мен Палестина қақтығысы: 600-ден астам адам қаза тапты
Израиль Палестинаның атысынан қаза тапқандардың саны артып келе жатқанын мәлімдеді. Олардың жоғары дәрежелі әскери адамы қаза тапқан, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі The Jerusalem Post басылымына сілтеме жасап.
ХАМАС палестиналықтар Израиль түрмелерінен босатылғаннан кейін тұтқындарды босататынын айтты.
Соңғы мәліметтер бойынша, Израильде атыс салдарынан қаза тапқандар саны 300-ге дейін өсті, 1,5 мың адам зардап шекті.
Бұған дейін Израиль шабуылдар кезінде Нахаль бригадасының командирі, 42 жастағы полковник Джонатан Штайнберг қаза тапқанын хабарлады.
Сондай-ақ Израиль сектор Газа аумағынағы екі мешітке шабуыл жасалғанын мәлімдеді.
Палестина тарапының мәліметінше, олардан 350-ден астам адам қаза тапты, 1750 адам жарақат алды.
ХАМАС Израиль территориясына мыңдаған зымырандарды ұшырды, содан кейін оның содырлары сол жерге кірді.
Израиль жауап ретінде “Темір қылыштар” әскери операциясын бастады. Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху елдің соғыс жағдайында екенін атап өтті.