Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 897-ге жетті: Тағы 17 адамнан індет анықталды

Елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам анықталды, жалпы 897 оқиға тiркелді, деп хабарлайды BasNews.kz coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды облысында – 2 адам, Ақмола облысында – 10 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 5 адам анықталды.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 238 адам, Алматы қаласында – 145 адам, Қарағанды облысында – 65 адам, Ақмола облысында – 71 адам, Атырау облысында – 59 адам, Жамбыл облысында – 46 адам, Шымкент қаласында – 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 11 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 9 адам, Маңғыстау облысында – 10 адам, Қызылорда облысында – 116 адам, Батыс Қазақстан облысында – 8 адам, Түркістан облысында – 36 адам, Қостанай облысында – 3 адам, жалпы 897 науқас тіркелді.



