BasNewsЖаңалықтар
Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер жұмысқа қалай дайындалады?

COVID-19 инфекциясына шалдыққан науқастарды емдейтін дәрігерлер жұмысқа қалай дайындалып шығатындарын көрсетті, деп хабарлайды BasNews.kz.
Сoronavirus2020 Telegram парақшасында жарияланған роликте қазақстандық дәрігерлер коронавирустан қорғану үшін ауысым алдында қандай қорғаныш киімі мен жабдықтарды киіп жұмысқа кірісетінін көрсетілген. Киімдердің бәрі де бір реттік. Дәрігерлер ең алдымен арнайы комбинезон киеді. Осыдан кейін барынша қорғап тұратын маска киіледі. Артынша қорғаныш көзілдірігі тағылады. Вирустан сақтану үшін сонымен қатар ұзын бахила мен резеңке етік кию керек. Қолға қорғаушы қолғап киіледі. Экипировканың уақыты шамамен 5-7 минутқа созылады.


