Ақмола облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді
«Көкшетауда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жыл сайынғы облыстық кезеңінің жеңімпаздарына құрмет көрсетілді», – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Болашақ сарайының» фойесінде «Асыл аналар» қоғамдық бірлестігінің өкілдері дайындаған кондитерлік, нан-тоқаш және өзге де өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты. Өңір басшысы өзінің сөзінде Президент ұлттың басты құндылығы ретіндегі отбасының рөлін ерекше насихаттағанын атап өтті.
«Мықты және ұйымшыл отбасылар – гүлденген қоғамның көрсеткіші. Оларды танымал ету және мәртебесін арттыру мақсатында елде көптеген іс-шаралар өткізіледі. Маңыздыларының бірі – «Мерейлі отбасы» дәстүрлі ұлттық байқауы», – деді М.Ахметжанов.
Биылғы жылы өңірдің 17 ауданынан және 3 қаласынан 100 отбасы қатысуға өтінім бергенін атап өту қажет. Олардың барлығы жоғары еңбек шығармашылық және интеллектуалдық жетістіктерге ие.