Тәртіп сақшысы азаматтарды өз мүлкіне мұқият болуға шақырды
Шымкентте көршілерінің көлігін аккумуляторсыз қалдырған әккі ұры ұсталды. Тұран АПБ-ның қызметкерлері ұқсас мазмұнды арыздар бойынша бес ұрлық дерегін тіркеді.
Көршілес орналасқан екі көшенің тұрғындары Қазығұрт шағын ауданының аумағында автокөлік батареяларын ұрлаумен айналысатын белгісіз біреу барын айтып шағымданды. Арызданушылардың сөзінше қаскүнем түнде аулада тұрған көліктердің аккумуляторларын алып кеткен.
Полицейлер оқиға болған жерлерден күдіктіні анықтауға мүмкіндік беретін барлық айғақтарды жинады. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде әккі ұрының жеке басы анықталды. Ол жәбірленушілердің бұрын сотталған 25 жастағы көршісі болып шықты. Ер адам шартты түрде жазасын өтеп жатқан қылмысын қайта жасап үлгерген. Қазіргі таңда, ұрланған заттардың бір бөлігі заңды иелеріне қайтарылды.
– Күдікті тұрғылықты жері бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі « Үй-жайға немесе көлік құралына заңсыз кіру арқылы бірнеше рет жасалған ұрлық» бойынша жүргізілуде», – деді Тұран АПБ-ның тергеушісі Дінмұхамед Баймахан.
Тәртіп сақшысы азаматтарды өз мүлкіне мұқият болуға, көліктерді ұрылар оңай қол жеткізетін орындарға қалдырмауға және сенімді дабыл жүйесін орнатуға шақырды.
Шымкентте көлігімен трюк жасаған тұрғын жауапкершілікке тартылды. Шымкенттік тұрғынға көлігімен трюк жасағаны үшін үш бап бойынша айыппұл салынды. Hyundai Grandeur автокөлігінің 19 жастағы тізгіндеушісі бағдаршамның қызыл түсін елемей, көшеде кері жүріспен жүрген.
Жасөспірім Тәжібаев – Қонаев даңғылының қиылысында көлік көп жүретін жерде ақылға сыйымсыз трюктар жасаған. Жүргізушісінің дөрекі әрекетіне таң қалған басқа жол қозғалысына қатысушылар заң бұзушылықты видеоға түсіріп алған. Бейнежазбаны Шымкент ҚПД-нің қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу анықтады. Тәртіп бұзушыны ұстауға Әл-Фараби АПБ-ның патрульдік полицейлері бағытталды.
Нәтижесінде, оған қатысты ҚР ӘҚБТК-нің 595-бабы 2-бөлігі (Мұндай маневрлер жасауға тыйым салынған жерлерде артқа жүру), 594-бабы 2-бөлігі (Жол жүрісі қағидаларының жол қиылыстарынан өтудің басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау) бойынша хаттама толтырылды.