Шымкентте көлігімен трюк жасаған тұрғын жауапкершілікке тартылды
Шымкенттік тұрғынға көлігімен трюк жасағаны үшін үш бап бойынша айыппұл салынды. Hyundai Grandeur автокөлігінің 19 жастағы тізгіндеушісі бағдаршамның қызыл түсін елемей, көшеде кері жүріспен жүрген.
Жасөспірім Тәжібаев – Қонаев даңғылының қиылысында көлік көп жүретін жерде ақылға сыйымсыз трюктар жасаған. Жүргізушісінің дөрекі әрекетіне таң қалған басқа жол қозғалысына қатысушылар заң бұзушылықты видеоға түсіріп алған.
Бейнежазбаны Шымкент ҚПД-нің қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықтады. Тәртіп бұзушыны ұстауға Әл-Фараби АПБ-ның патрульдік полицейлері бағытталды.
Нәтижесінде, оған қатысты ҚР ӘҚБТК-нің 595-бабы 2-бөлігі (Мұндай маневрлер жасауға тыйым салынған жерлерде артқа жүру), 594-бабы 2-бөлігі (Жол жүрісі қағидаларының жол қиылыстарынан өтудің басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау) бойынша хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, жігіттің көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін жауапқа тартылғанына бір жыл толмаған болып шықты. Бұл құқық бұзушылықты қайта жасаған ер азаматқа ҚР ӘҚБТК-нің 590-бабы 10-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік жаза қолданылды.
Жүргізуші өз кезегінде жол қозғалысы ережелеріне салғырт қарағаны үшін кешірім сұрап, алдағы уақытта мұндай әрекетке жол бермейтінін атап өтті.
Шымкентте адам өліміне күдікті азамат “ізін суытпай” қолға түсті. полицияның “102” арнасына көпқабатты үйдің кіреберісінде жергілікті тұрғынды соққыға жыққаны туралы хабарлама келді. Шақырту түскен мекенжайға Тұран ауданының полицейлері мен жедел жәрдем барды. Медицина қызметкерлері 35 жастағы азаматтың қайтыс болғанын мәлімдеді.
Жедел тергеу тобы жәбірленушіні оның бірге тұратын әйелінің бұрынғы сүйіктісі қызғаныш үстінде ұрып-соққанын анықтады. Қарсыласының есінен танып қалғанын байқаған қаскүнем дереу оқиға орнынан қашып кеткен. Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің сырт келбеті мен жеке деректері көрсетілген бағдарды алып, оны шұғыл іздеуге кірісті.
Жедел уәкіл Арман Арипжанов қылмыскерлерді іздестіру бойынша өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, қашып кеткен адам бірінші кезекте жеке заттары мен құжаттарын алу үшін үйіне барады деп болжады.