ЖаңалықтарШымкент

Интернет алаяқтық өзекті мәселе

Жыл басынан бері ПД 1739 алаяқтық қылмысы тіркелген. Соның ішінде 559 интернет алаяқтық қылмыстары. Өткен жылы 643 интернет алаяқтық қылмысы тіркелген. Осы уақытқа дейін 220 қылмыс ашылған. Бұл жалпы интернет алаяқтықтың 40 пайыздайын құрайды.

Қазіргі таңда заманауи технологиялардың дамуына байланысты интернет-алаяқтық жайттарының да саны артуда. Осы орайда, Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері сақ болуларыңызды сұрайды.

Алаяқтар ғаламтор арқылы түрлі жарнамалар таратып, адамдарға сенімсіз сілтемелер жіберіп ақшаны еселеп беруге уәде етеді. Осы тектес алаяқтыққа тап болмас үшін, өзіңіздің жеке деректеріңізді, ұялы телефонға түскен смс-кодтарды бөгде адамдарға ұсынбау қажеттілігі ескертіледі.

Шымкентте интернет алаяқтық қылмысы азаймай тұр. Қанша ескерту жасалып, тұрғындарға түсініктеме жұмыстары жүргізілседе алаяқтарға алданатын аңғал азаматтар қатары артып келеді. Осыған байланысты Шымкент қалалық ПД бастығының орынбасары баспасөз брифингін ұйымдастырды. Әлеуметтік желіде пайдалы пайдасыз жаңалық көлдей көп. Сондықтан болар аңғал азаматтар күдікті сайттарға кіріп сан соғып жатады. Әсіресе ақшаңды оңай көбейтіп береміз деген жарнамаларға қала тұрғындары көптеп ұрынады екен. Интернет алаяқтықпен күрестің қиындығы алданған азаматтар дер кезінде арызданбайды. Қуларға сеніп ақшам көбейіп жатыр деп апта немесе ай бойы сенімсіз сайтқа сеніп жүре береді. Қылмыстың ізі суығаннан кейін арызданып жатады –дейді департамент бастығының орынбасары.

Сондай-ақ Шымкент полициясы 30 мыңнан астам адамның қатысуымен ауқымды іс-шара өткізді. Полиция департаментінің бастамасымен, қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен соңғы кездері қоғамда белең алып бара жатқан интернет алаяқтық және есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған маңызы зор жиын өтті. Онлайн конференцияға Шымкент ҚПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Арман Бейсенбаев, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Абзал Алибаев және қалалық білім басқармасының бастығы Жанат Тәжиева қатысты.

Back to top button