Шымкент

Шымкентте шетелдіктерді заңсыз еңбекке тартқан 15 азамат анықталды

Мегаполис аумағында халықаралық “Наёмник” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Алдын алу іс-шараларының мақсаты үшінші елдердің аумағына террористік іс-әрекетке қатысу үшін ҰҚШҰ мемлекеттері азаматтарының заңсыз кіру/шығу арналарын анықтау және жолын кесу. Сондай-ақ террористік сипаттағы заңсыз әрекеттерді қаржыландыру арналарын анықтау.
БҚО ПД шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 517-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Әл-Фараби АПБ-ның тәртіп сақшылары жалдамалы пәтерлерді, құрылыс алаңдарын, базарлар мен фермерлік шаруа қожалықтарын және шетелдіктердің жүруі мүмкін басқа да орындарды күшейтілген режимде тексеріп жатыр.

Мұндағы басты мақсат – заңсыз көші-қон жайттарының алдын алу, оның жолын кесу, құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыс санын азайту болып табылады.

Жедел-профилактикалық шараның 9 күнінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 69 шетел азаматына ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, шетелдіктерді заңсыз еңбекке тартқаны үшін 15 жұмыс беруші әкімшілік кодекстің 519-бабымен жауапқа тартылды.

Айта кетейік, халықаралық “Наёмник” жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасын табады. Шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқаны үшін жұмыс беруші ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабына (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) сәйкес жауапкершілікке тартылып, 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны жайлы еске саламыз. Сондай-ақ осындай әрекеттер үшін ҚР ҚК-нің 395-бабына (Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзу) сәйкес екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе екі жүз сағат қоғамдық жұмысқа тарту, не болмаса 50 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынатынын ескертеміз.

Back to top button