ЖаңалықтарШымкент

Шымкент полициясында жеке құрамның саптық байқауы өтті

Полицейлердің қызметтік міндетті атқару үшін қаншалықты талапқа сай екенін тексеру мақсатында олардың саптық жүрісі, құжаттары мен құрал-жабдықтары, сыртқы келбеті мен нысанды киім үлгісі жіті назарға алынды.

Саптық байқау бір уақытта полиция департаментінде және оған қарасты аудандық басқармаларда, сондай-ақ патрульдік полиция полкінде өтті.

Тәртіп сақшылары департамент ғимараттарының алдындағы алаңда сап түзеді. Шара барысында белгіленген нысанды киімді кию ережелерінің сақталуы, қызметтік куәліктерінің атқаратын лауазымы мен атақтарына сәйкестігі мұқият тексеріліп, полицейлердің саптық дайындығына баса назар аударылды.

Тексеру қорытындысы бойынша басқарма бастықтарына анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою міндеттелді. Жеке құрамға қызметтік міндеттерін орындау кезінде тәртіпті, заңдылықты және азаматтарға сыпайы қарым-қатынасты қатаң сақтау тапсырылды. Тексеруден кейін полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін орындауға кірісті.

Шымкенттің жаңа бас полицейі Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына барып, тәртіп сақшыларының жұмыс барысымен танысты. Қалалық ПД бастығы Думан Таев алдымен аудандық бөліністің ғимаратында орналасқан көші-қон қызметі, жедел криминалистика, ақпарат және байланыс басқармасы, ӘПБ-ның қару айналымын бақылау бөліміндерін аралап, әр қызметтік бөлмені жіті тексерді.

Оның ішінде ғимараттың тазалығы, құрал-жабдықтардың ұқыптылығы, полицейлердің сырт келбеті мен нысанды киім үлгісіне дейін ерекше назар аударды. Сондай-ақ, жеке құрамды мәжіліс залына жинап, ұжымның ішкі ахуалы мен жұмыс нәтижесі туралы сөз қозғады.

Қызметкерлерге полицияның сервистік моделін жақсартуды оның ішінде халықпен ашық әрі тығыз қарым-қатынас орнатып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтауда аса мұқият болуды тапсырды.

– Полиция қызметкерлері арасында заңдылықты сақтау мен тәртіпті нығайту мәселесі департамент басшылығының қатаң бақылауында. Әріптестеріміздің арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауымен “Integrity Check” пилоттық жобасы қолданысқа енгізілген болатын.

Back to top button