Заңбұзушылықтың жолын кесу мақсатында Еңбекші ауданы полиция басқармасында саптық байқау өтті
Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасы ғимаратының алаңында жеке құрамның саптық байқауы өтті.
Негізгі мақсат – қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша тапсырмаларды орындауда жеке құрамның даярлығын тексеру. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету және заңбұзушылықтың жолын кесу.
Байқауға басқарма басшысы мен құрылым сақшылары қатысты. Еңбекші ауданы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмас Әмзеев жеке құрамға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін лайықты, сапалы атқаруды тапсырды. Шара кезінде басқарма басшысы тәртіп сақшыларының нысанды киімдерін, қызметтік куәлік, бейнежетон мен планшеттердің жарамдылығын, сондай-ақ қызметтік автокөліктердің техникалық жағдайын тексерді.
Саптық байқау соңында қызметтік міндеттерін атқаруға кіріскен жеке құрамның салтанатты шеруімен жалғасты.
Полицейлердің қызметтік міндетті атқару үшін қаншалықты талапқа сай екенін тексеру мақсатында олардың саптық жүрісі, құжаттары мен құрал-жабдықтары, сыртқы келбеті мен нысанды киім үлгісі жіті назарға алынды. Саптық байқау бір уақытта полиция департаментінде және оған қарасты аудандық басқармаларда, сондай-ақ патрульдік полиция полкінде өтті.
Тәртіп сақшылары департамент ғимараттарының алдындағы алаңда сап түзеді. Шара барысында белгіленген нысанды киімді кию ережелерінің сақталуы, қызметтік куәліктерінің атқаратын лауазымы мен атақтарына сәйкестігі мұқият тексеріліп, полицейлердің саптық дайындығына баса назар аударылды.
Тексеру қорытындысы бойынша басқарма бастықтарына анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою міндеттелді. Жеке құрамға қызметтік міндеттерін орындау кезінде тәртіпті, заңдылықты және азаматтарға сыпайы қарым-қатынасты қатаң сақтау тапсырылды. Тексеруден кейін полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін орындауға кірісті.
Айта кетейік, Шымкенттің жаңа бас полицейі Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына барып, тәртіп сақшыларының жұмыс барысымен танысты.