ЖаңалықтарШымкент

Шымкентте учаскелік полицейлер қылмысқа қарсы күрес жұмыстарын жүргізуде

«Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы барасында Әл-Фараби АПБ-ның №15 учаскелік пункт қызметкерлері әкімшілік аумақты аралап, тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, жеке тұрғын үйлер мен көп қабатты пәтерлерді, сауда нүктелері мен өзге де мекелерді шолып, рейд жүргізіп, орын алған құқық бұзылықтарға қатысты дер кезінде шара қолдануда.

Мәселен, бүгінге дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесінде әкімшілік аумақта анықталған заң бұзушылықтарға қатысты полицейлер жалпы саны 123 хаттама толтырды. Бұған қоса, есірткі қылмысымен байланысты 7 жайтты дер кезінде анықтап, жолын кесті.

Сонымен қатар, азаматтарға соңғы кездері белең алып жатқан интернет-алаяқтардан сақтанудың жолын түсіндіріп, пәтер ұрлығының алдын алу туралы қажетті мағлұматтар берді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, есірткі қылмысы, жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік сияқты заң бұзушылықтардың куәсі немесе құрбаны болған жағдайда бірден полицияға хабарлауды ескертті.

Сәйкесінше, тәртіп сақшылары халық көп баратын нысандарға, тұрғын үйлердің подьезді мен сауда орындарына алаяқтық қылмысынан сақтану туралы ескерту жадынамалары мен учаскелік полиция инспекторы жайында ақпарат көрсетілген жадынамаларды іліп шықты.

Мегаполисте “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Мұндағы басты мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, ескерту және оны болдырмау.

Осыған байланысты полицейлер қала аумағында рейд жұмыстарын жүргізіп, жеткіншектер жиі баратын жерлерді тексеруде. Шараның 1 тәулігінде жасөспірімдерге қатысты жалпы 108 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын 6 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен хаттама толтырылса, 1 жеткіншек қоғамдық орында мас халде болғаны үшін ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігімен жазаланды. Сондай-ақ, түнгі уақытта заңды өкілінсіз ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 98 бала әкімшілік кодекстің 442-бабымен жауапқа тартылды.

Ата-анасының бақылауынсыз жүрген 15 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылып, құқық бұзушылыққа бейім 16 жеткіншек пен 11 қолайсыз отбасы есепке қойылды.

Back to top button