ЖаңалықтарШымкент

Полиция басқармасының қызметкерлері «Бала – басты жолаушы» атты қауіпсіздік сабағын өткізді

Ювеналды полиция қызметкерлері мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді. Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қаладағы М.Хайдар Дулати атындағы №8 мектеп гимназиясына барып, балаларға «Бала – басты жолаушы» атты қауіпсіздік сабағын өткізді.

Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция майоры Ернар Қошанов жол ережелерін оқушыларға қызықты форматта ұсынды. Нақты мысалдар келтіріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушылар да өз сұрақтарып қойып, тақырыпты тарқата түсті.

Электронды темекі туралы қазір жасөспірімдердің барлығы біледі. Оны татуға құмарлар да бар. Оқушылардың жаман әдеттен аулақ болуы үшін ювеналды полиция қызметкерлері электронды темекінің залалын түсіндірді. Балалар да бұл тақырыпқа қатысты ойларын ашық жеткізе білді. «Жай ғана дәріс емес, жай ғана түсіндіру жұмысы емес, оқушылардың қызығушылығын оятып, ерекше сипатта, басқаша форматта өткізілген сабақ болды. Кездесуде арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Одан кейін білім ордасы алдындағы жаяу жүргіншілер жолағында тәртіп сақшылары оқушылармен бірге жол ережелерін тағы бір пысықтады.

«Жолдағы апаттылықтың алдын алу, жол жүрісі қағидаларын түсіндіру – ол біздегі негізгі жоспарлы жұмыстың бірі. Бұл алдағы уақытта да жалғаса береді. Себебі балалардың қауіпсіздігі – ол біздің болашағымыздың қауіпсіздігі», – деді ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Рахымжан Ирисбеков.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында қала аумағында «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлім қызметкерлері түнгі уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты немесе олар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында арнайы бағытқа бөлініп, Қаратау ауданындағы жастар көп шоғырланған орындарда және түнгі уақытта ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Сондай-ақ, қаладағы дәмхана, көлік жуу орындарында кәмелет жасқа толмаған балалардың жұмыс жасауын анықтап, ата-аналарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Back to top button