ЖаңалықтарШымкент

Шымкенттік полицейлер жанып жатқан жүк көлігіне жедел көмек көрсетті

949 автоэкипаж қызметкерлері Ташкент-Шымкент тас жолын патрульдеу кезінде көрші мемлекеттен келе жатқан жүк көлігінен түтін шығып, жанып жатқанын байқады.

Полицейлер еш ойланбастан, жол жиегінде тұрған көлік құралының жанына тоқтап, бірден апаттың алдын алуға кірісті.

Полиция аға лейтенанты Бишинов Қанат жүк көлігінің үстіне жылдам көтеріліп, түтін шығып жатқан жердегі тентті ашты. Ал, әріптесі Машрапов Мұратбек уақыт жоғалтпастан оқиға орнына өрт сөндірушілерді шақырып, олар келгенше жақын маңда жүрген водовоз жүргізушісіне өтініш жасап, тұтанып жатқан өртті алауыздады.

Өз кезегінде, әбден абдырап қалған жүк тасымалдаушы тәртіп сақшыларына бей-жай қарап өтпегені үшін алғыс білдірді.

– Мен Ташкенттен келе жатыр едім. Айнадан түтінді байқадым да, тоқтадым. Не болғанын түсінбей үрейленіп тұрғанымда екі полицей көмекке келді. Олар бәрін тез және дер кезінде түсініп, тентті ашып, тауарларды сыртқа шығарды. Өрт сөндірушілерді шақырып, су таситын көлікті де тауып келді. Өрт бірден ауыздықталды. Оларға көп рахмет. Жолда осындай жақсы адамдар көп болсын – деді жүргізуші.

Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері түрмедегі жазасын өтеуші ер адам бостандықта жүргенде заңсыз атыс қаруын жасырғаны туралы шұғыл ақпарат алды.

Тәртіп сақшылары аталған дерек бойынша жедел іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде, Темір жол вокзалы маңындағы гараждардың жанында қазылған шұңқыр табылды. Ол жерден қапқа салынған, калибрлі қос ауызды кесілген тегіс ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі ( Атыс қаруын заңсыз иемдену және сақтау) бойынша тіркеді. Ер адам, бұған дейін адам өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды. Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Шымкентте учаскелік полицейлер қылмысқа қарсы күрес жұмыстарын жүргізуде. «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы барасында Әл-Фараби АПБ-ның №15 учаскелік пункт қызметкерлері әкімшілік аумақты аралап, тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде.

Back to top button