ЖаңалықтарШымкент

Хабарландыру!

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қорғау қызметкерлерінің бос лауазымдарына құжат қабылдау жүргізеді. Құжаттарды қабылдау мерзімі осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде (19.09.2023-02.10.2023 ж. аралығы).

Құжат қабылдау орны: Шымкент қ. А.Байтұрсынов к, 68-үй, электрондық адрес okr_spasr_shym@emer.kz, тел., факс 8(7252) 37-13-22

Бос лауазымдар: Радиотелефонист (C-SV-13)–2 бірлік. Оның ішінде № 9 МӨСБ-2.

Лауазымдық нұсқаулықтары: өрттерден, авариялардан және басқада төтенше жағдайлардан, халықты, адам өмірімен материалдық құндылықтарды, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды қорғау. Жалақы мөлшері 153 433 теңгені құрайды.

Біліктілік талаптар: Орта білім, орта арнайы, техникалық және кәсіптік, орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін орта білімнен кейінгі білім. Отыз бес жастан аспаған, тиісті білімі бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

Құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер:

  1. Қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан;
  2. Құқық қорғау қызметіне тұрар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
  3. Құқық қорғау қызметіне тұрғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
  4. Қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
Back to top button