ЖаңалықтарШымкент

Ұжымдағы үйлесімділік әсіресе өрт сөндіру қызметінде үлкен маңызды рөлге ие

Ұжымдағы психологиялық ахуал-аса маңызды. Қызметтің нәтижелі болуы да ұжымдағы ауызбіршілікке тікелей байланысты. Осы орайда Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлерінің арасында «Ұжымдағы рухани-психологиялық ахуалды қалыптастыру және жақсарту» тақырыбында тимбилдинг өткізілді.

Тимбилдингтың мақсаты – қызметкерлер арасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру болып табылады. Ұжымдағы үйлесімділік әсіресе өрт сөндіру қызметінде үлкен маңызды рөлге ие. Өйткені берлесіп әрекет еткенде ғана төтенше жағдайларды жою және адам өмірін құтқару жұмыстарын жоғары кәсіби деңгейде атқара алады.

Құтқарушылар азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резерв қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, апаттық құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.

ҚР «Азаматтық қорғау» заңы бойынша іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын алдын алуға және жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Құтқарушы мамандығының ең басты міндеті адамдар өмірін құтқару, бұл жоғары және жауапты миссия. Олардың басты міндеті — халықтың бейбіт өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу. Апат айтып келмейді. Тосыннан болған апат кезінде азамттарға бірінші болып көмекке ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары. Бұл іс кез келгеннің қолынан келе бермейді. Оған үлкен жүрек, машық, білім мен білік және тәжірибе керек.

Әр өңірдегі департтаментте де жедел құтқару жасағы, өрт сөндіру, апаттық медицина, судан құтқару секілді бірнеше құрылым бар. Құтқарушыларға физикалық жағынан мықты әрі кәсіби маман болу жеткіліксіз. Өйткені, олардың тынымсыз қызметінде апат, зілзала, өрттен бөлек түрлі жағдайларда зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетуге де тура келеді.

 

Back to top button