Шымкент

ТЖ басқармасының қызметкерлері «Магнум» сауда орталығында өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді

Еңбекші ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері «Магнум» сауда орталығының қызметкерлерімен кездесіп, тұрмыста және жұмыс орнында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.

Қызметкерлер қатысушыларды тұрғын үй қорындағы өрттердің жалпы себептерімен таныстырып, балалардың отпен еркелігі себебінен өрттерге ерекше назар аударды. Олар қатысушыларға сымы зақымдалған электр жабдықтарын пайдалануға жол бермеу туралы еске салып, жиналғандарды электр желісін шамадан тыс жүктемеуге шақырды.

Сондай-ақ, құтқарушылар жылыту маусымы басталғанға дейін пешті жылытуды жөндеу қажеттілігіне назар аударды.

Азаматтармен профилактикалық әңгімелер жүргізе отырып, құтқарушылар тұрмыста және жұмыс орнында өрттердің пайда болуына жол бермеуге шақырды.

Өрттің алдын алу мақсатында құтқарушылар еске салады:

– жас балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Оларға қауіпсіздік ережелерін үйретіңіз;

– төсекте немесе ұйықтайтын жерде темекі шекпеңіз;

– қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз.

Еңбекші ауданының ТЖ басқармасының қызметкерлері техникалық регламент талаптарына сәйкес келетін автономды өрт хабарлағыштарын, өрт сөндіргіштерді пайдалану өртті ерте кезеңде анықтауға және жоюға мүмкіндік беретінін еске салады.

Зардап шеккендерге алғашқы көмек: – 103 нөміріне хабарласып, жедел жәрдем шақырыңыз; – Өте үлкен күйікке шалдыққан адамды үлкен матаға немесе төсек жаймасына орап,  ыстық сусын беріп, жылылау керек; – Түтінге уланған адамды таза ауаға алып шығу қажет.

Өрттің алдын алу үшін: – Электр тогы мен газ құбырларын үнемі тексеріңіз. Қандай да бір ақау барын байқасыңыз, бірден арнайы мамандарға хабарласыңыз; – Өрт сөндіргішті қолданып үйреніңіз және оны отбасыңыздың мүшелеріне де көрсетңіз; – От жағуға арналған сіріңке, оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз; – Балаларыңызға Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің нөмірлерін жаттатыңыз: Өрт сөндірушілер – 101; Полиция – 102; Жедел жәрдем – 103; Газ апатынан құтақру қызметі – 104;

Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өміріңізді сақтап қалудың бірден-бір жолы! 

Back to top button