ЖаңалықтарШымкент

«Дендро парк» тұрғын үй кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді

Шымкенттік өрт сөндірушілер «Дендро парк» тұрғын үй кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.

Жаттығудың мақсаты тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және нығайту. Сонымен қатар жеке құрамның көп қабатты тұрғын үйлерде өрттерді сөндіру дағдыларын машықтау.

Жаттығуға 15 техника, 52 адам қатысты. Жаттығу барысында адамдарды қауіпсіз аймаққа шығару, құтқару, өрттерді сөндіру жұмыстары жүргізілді.

Жаттығуға «Отырар» телеарнасы ақпараттық сүйемелдеу жасады.

Шымкент қаласында «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығында» өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Өрт-тактикалық жаттығудың тактикалық тұрғысына сәйкес, орман шаруашылығына жақын орналасқан тұрғын үйлердің бірінің ауласында қоқыс жағу барысында от қараусыз қалып, оттың ұшқыны желдің бағытымен орман шаруашылығына таралып, өрт орын алды.

Орман шаруашылығының күзетшісі тез арада «101» қызметіне хабар береді. Жоғары шақырту бойынша және жергілікті органдармен өзара іс-қимыл жасау нұсқаулығына сәйкес жаттығу орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің және орман шаруалығының күштер мен құралдары жөнелтілді. Сондай-ақ Түркістан облысының өрт сөндіру қызметі көмекке келді. Шартты өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылып, 105 қызметінің қызметкерлері тарапынан бағаналардағы электр желісі ажыратылды. Бірлесіп әрекет етудің нәтижесінде өрттің орман шаруашылығы мен тұрғын үйлерге таралуына жол берілмеді, сондай-ақ 10 гектарды құрайтын аумақта шартты өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді. Жаттығу барысында орманды дала өрттерін сөндіру бойынша күштер мен құралдарды басқару органдарының өзара іс-қимылына сәйкес мекемелер мен қызметтер арасында өрт туралы ақпарат алмасу тәртібі де пысықталды.

Back to top button