Шымкент

Құтқарушылар қиын сәтте көмекке келді

Өрт сөндірушілер құтқаруға асығады, көмек беруден аянбайды, өзге үшін өмірін тәуекелге тігеді. Олар әр минутын осы үшін арнайды. Мұны шымкенттік өрт сөндірушілер тағы да бір рет дәлелдей білді.

Төтенше жағдайды жойып ғана қоймай оның алдын алу жұмыстарымен белсенді жүргізетін №2 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері атап айтар болсақ жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау сержанты Бақдаулет Әлқадыр және өрт сөндіруші құтқарушы Ерғали Қуан осындай Қаратөбе тас жолы бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде жылыту маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында пәтерлердің бірінің тұрғыны есігі жабылып қалып, ішінде баланың қалып кеткендігін айтып көмек сұрайды.

Өрт сөндірушілер еш ойланбастан көмекке асығып, үйдің екінші қабатына шығып қылтима арқылы пәтердің ішіне кіріп, есікті ашып, баланы әжесіне тапсырды. Ол осындай қиын сәтте қол ұшын берген өрт сөндірушілерге алғысын білдірді. Әрбір азаматтың қауіпсіздігін басты орынға қойып, құтқаруды мамандық етіп таңдаған қайсар жандар үшін тұрғындардың алғыстары еңбектірінің басты жеңісі!

Қайырымдылық қарапайым үлестермен де жақсы істер жасауға мүмкіндік береді. Біздің қолдауымыз мұқтаж жандарды өмірге қайтаруға қабілетті.

Жылыту маусымына дайындық кезінде Абай ауданының ТЖ басқармасының қызметкерлері әлеуметтік осал отбасыларға атаулы көмек көрсетеді, олардың арасында қарт адамдар,батыр аналар, жалғызбасты аналар, көпбалалы отбасылар, мүгедектер бар.

Мұндай көмекті аудандық ТЖ басқармасының мамандары бір айлық азық-түлік қорын ұсына отырып, қиын жағдайға тап болған Достық шағын ауданының тұрғынына көрсетті.

Құтқарушылар тек осы көмекпен шектелмеді. Олар сондай-ақ алдағы жылыту кезеңіндегі қауіпсіздік туралы да ойластырған. Үйде газ дабылқаққышты орнатылып, оның жұмыс принципі түсіндірілді және күнделікті өмірдегі өрт қауіпсіздігі ережелері туралы еске салынды.

Өйткені, уақтылы қабылданған шаралар төтенше жағдайлардың салдарын болдырмауға немесе айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Back to top button