Жәбірленуші қылмыскерге кешірім берді
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында С.С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғаны:
С.С. азаматтық некедегі Т.К-ның анасы жәбірленуші Т.В.-ның үйінде, маусымда жәбірленушімен сөзге келіп, оның денсаулығына қасақана ауыр дәрежедегі зақым келтірген.
Сотталушының айыбы немен дәлелін тапты:
Сотталушының айыбы жәбірленуші мен куәлердің берген жауаптарымен, сот сараптамасының қорытындысымен, сотталушының өз кінәсін мойындап шын ниетпен өкінуімен, тергеу амалдарының хаттамаларымен, іс бойынша алынған заттай дәлелдемермен және басқа да іс құжаттармен дәлелін тапты.
Тараптардың позициясы: ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігінде:
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру – үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Прокурор сотталушы С.-ға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұраған.
Жәбірленуші сотта сотталушының тарапынан келтірілген барлық шығындарды өтегенін және өзара татуласқандықтан, сотталушыға ешқандай дауы жоқ екенін, сондықтан сотталушыға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданбауды сұраған.
Сотталушы С. оның қорғаушысы бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданбауды сұраған.
Жаза тағайындау:
Сот – сотталушы С-ға жаза тағайындау кезінде жазаны ауырлататын мән – жайлардың болмағанын назарға алған.
Жеңілдететін мән – жайларға, сотталушының өз кінәсін мойындап шын ниетпен өкінетінін, келтірілген шығындарды толық өтегенін және жәбірленушімен өзара татуласқанын сондай-ақ жәбірленушінің С.-ға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданбауды сұрағанын назарға алып: Сот С.С.-ны ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу түріндегі жазасын тағайындаған.