BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда 90 жүкті әйел қызылша жұқтырған

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 29 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде жүкті әйелдер қызылша жұқтырса, не істеуге болатынын айтты, деп хабарлайды basnews.kz.

Қызылша ауруы жүктілікті жасанды жолмен үзуге негіз бола алмайды, – деді Ажар Ғиният.

«Қызылша ауруы жүктілікті үзудің көрсеткіші болып саналмайды. Ең қорқыныштысы – ұрыққа жұқпалы әсері бар қызамық. Сондықтан бүгінгі күні мұндай көрсеткіштер жоқ. Қызылшамен ауырған барлық жүкті әйел толықтай бақылауда», – деді министр.

Ведомство басшысы атап өткендей, дәрігерлер сәбилердің де, ана өлімінің де алдын алу үшін жағдайы ауыр балаларды да жіті бақылауында ұстауда.

«Бүгінде жүкті әйелдер арасында мұндай ауыр жағдайлар жоқ», – деп сөзін түйіндеді Ажар Ғиният.

29 қарашада Ажар Ғиният қызылшаға қарсы екпе салдыртқысы келетіндерді вакциналау тегін жүргізілетінін мәлімдеді.

Back to top button