BasNewsЖаңалықтар

ҚР ІІМ курсанттары жаппай ауруханаға түсті

Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысындағы оқу мекемесінің курсанттары Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасына түсті. Қойылған диагноз – ауырлығы орташа дәрежедегі жұқпалы респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ), өткір ринофарингит, деп хабарлайды basnews.kz.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, 29 қарашада ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті орталығының курсанты – 18 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. Тағы 10 курсант 1 желтоқсан күні кешқұрым түскен. Барлығынан анализ алынып, ем-дом тағайындалған.

«Олар халықтың декреттелген тобына енуіне байланысты – казармада жататындықтан ауруханаға жатқызылды. Қазір барлығының жағдайы тұрақты», – деп мәлім етті облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Back to top button