BasNewsЖаңалықтар

Магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау 12 желтоқсанда басталады

Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады, деп хабарлайды basnews.kz.

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылы 4 желтоқсанда хабарлады.

Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Оның ішінде «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары»даярлау бағытына 1 758 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға» 569 грант, «Педагогикалық ғылымдарға» 469 грант,  «Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға» 461 грант бөлінген.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетсек, 2-8 желтоқсан аралығ ында кешенді тестілеу өтуде. Жалпы, тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданды.

Back to top button