Балқашта апат салдарынан ондаған үй жылусыз отыр
Балқашта 10 желтоқсанға қараған түні жылу желілеріндегі апат салдарынан 40-тан астам үй жылусыз қалды.
«9 желтоқсанда сағат 22:55-те Абай және Әбуғалиев көшелерінің қиылысында диаметрі 630 мм құбырдың жарылуы салдарынан Желтоқсан, Бейбітшілік, Сейфуллин, Абай, Макаренко, Молдағұлова көшелеріндегі тұрғын үйлерде жылу беру азайды. Апатқа қаланың жылу желілерінің тозуы (75%) себеп болды, даладағы ауа температурасы -15°С. Анықталған фактілерді жою үшін КГП, ҚСК, ТЖ, қала әкімшілігінің қатысуымен жедел штаб құрылды», – делінген хабарламада.
Әкімдік қаладағы барлық коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшіріліп, 10 бірлік техника мен 25 адам жұмылдырылғанын хабарлады. Көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі желілерінің қатып қалмауы үшін оның 12-сінде суды ағызып тастаған, 33 үйге тіреу жұмыстары жүргізілді. Кейін әкімдік құбырдағы жылу желілерін жөндеу жұмыстары сәтті аяқталғанын хабарлады.
«Магистраль іске қосылды, жылу беру қалпына келтіріліп жатыр», – деп хабарлады әкімдік.