Азиададағы «сапасыз» спорт киім жанжалы: Антикор тексереді, ал халық Париж Олимпиадасына спортшылардың формасын таңдайды

Азиадада «сапасыз» спорт киімін қолдану туралы жанжалдан туындаған толқудан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәдениет және спорт министрлігіндегі жағдайды тексеруге кірісті. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев журналистерге сынға жауап ретінде қабылданған шаралар туралы ақпарат берді.
«Азиададағы сапасыз киім жағдайын болдырмау үшін сіз Парижде форманы дайындауға қоғамдық бақылауды қосуды жоспарлап отырсыз ба? Халық дауысы бола ма?»- деген сауалды Basnews.kz тілшісі ОКҚ өткен брифигте министрге жолдады.
Министр өз мәлімдемелерінде, аталмыш форма адал тауар өндірушілер тізіміне енгізілген қазақстандық өндірушіден сатып алынғанын атап өтті.
«Бұл өнім беруші «Атамекен» ҰКП адал тауар өндірушілерінің тізімінде болды. Сапасыз форма жағдайы туындағаннан кейін біз осы мәселемен айналысатын штаб пен комиссия құрдық. Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бізде белгілі бір тексерулер жүргізуде. Экономикалық тергеу қызметі де спорт комитеті мен спортты дамыту дирекциясы бойынша жұмыс жүргізілуде. Біраз күту керек. Нәтижелер болады деп ойлаймын», – деп жауап берді Маржықпаев.
Бұл ретте ведомство басшысы Париждегі Олимпиадаға арналған форма ақпан айында ұсынылатынын айтты.
«Бүгін бізде белгілі бір байқау өтіп жатыр. Шетелдік мердігерлер мен ішкі тауар өңдірушілеріміз бар. Біз бәрін заңды түрде жасаймыз. Сондықтан күту керек деп ойлаймын. Біз белсенділерді, журналистерді, блогерлерді халықтық дауыс беруге шақырамыз. Алдағы Олимпиада ойындарына арналған киімді де сол механизм бойынша анықтаймыз», – деді Ермек Маржықпаев.