BasNewsЖаңалықтар
Оралда дәмханада жарылыс болды
Оралда екі қабатты ғимараттың құлауы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды basnews.kz.
«Қазіргі уақытта ТЖД күштерімен қираған құрылымдардың астынан 6 адам табылып, құтқарылды, оның 5-і медициналық мекемелерге жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында 2 адам қаза тапты. Адамдардың жеке басы анықталып жатыр. Үйінді астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.
Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері жұмылдырылды, барлығы 110-нан аса адам және 30 техника жұмылдырылған.