BasNewsЖаңалықтар
Доллар бағамы өзгеріссіз қалды
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 453,40 теңгені (+0,02) құрады, деп хабарлайды basnews.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 63,35 теңгені (+0,15) құрады.
Ұлттық банк еуро бағамын 494,74 теңге, рубльді 4,98 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 454,5-456,9 теңгеге, еуро 496-499 теңгеге, ресей рублі 4,91-5,05 теңгеге сатылуда.