BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда қанша блогер бар және олар салықты қалай төлейді?
Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда қанша блогер барын және олар салықты қалай төлейтінін айтты, – деп хабарлайды basnews.kz.
«Бүгінде 400-ден аса блогер тіркелген. 2023 жылы олар 200 миллион теңгеден аса салық төлеген. Егер олардың қызметі бизнеске қатысты болса, әрине, салық төлеуі керек. Бұл үшін арнайы салық режимі бар. Жүктеме 1 пайыздан 4 пайызға дейін», – деді Жамаубаев.
Министр блогерлердің жұмысы монетизацияланбаса және кәсіпкерлікпен ешқандай байланысы болмаса, оларға салық төлеудің қажеті жоқ екенін атап өтті.