BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанның қай өңірлерінде қызылша жағдайы қолайсыз болып қалуда

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 17 қаңтарда Мәжіліс алаңында қызылша ауруы қай өңірлерде қолайсыз болып отырғанын айтты, деп хабарлайды basnews.kz.

Ажар Ғиният жалпы Қазақстанда ауру көрсеткіші 11%-ға төмендеп жатқанын хабарлады.

«10 облыста ауру көрсеткіші үш апта бойы төмендеуде. Жеті облыста жағдайдың тұрақтанғанын көріп отырмыз, ауру көрсеткіші бір деңгейде. Үш аймақта қазір жағдай қолайсыз. Өсу мына өңірлерде байқалады: яғни Ақтөбе, Атырау және Қарағанды ​​облыстары», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Оның айтуынша, дәл осы өңірлерде халықты қызылшаға қарсы қосымша егу науқаны жеткілікті түрде жүргізілмейді – иммундаумен қамту республикалық көрсеткіштен төмен.

Бұған дейін Қазақстанда қызылшадан екі баланың қайтыс болғаны белгілі болған.

Back to top button