BasNewsЖаңалықтар
Қазақстан бірыңғай сағат белдеуіне көшеді
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілген, деп хабарлайды basnews.kz.
«Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады», – делінген хабарлдамада.
Қаулы ресми түрде жарияланып, 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салайық, былтыр желтоқсанда «Ашық НҚА» порталында 2000 жылғы «Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» қаулыға өзгерістер енгізетін Үкімет қаулысының жобасы жарияланған болатын.