Бишімбаев қандай жаза арқалауы мүмкін?
Қазақстандық заңгер, адвокат Хамида Айтқалиева экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты белгілі болған жаңа мән-жайларға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды basnews.kz.
16 қаңтарда оған тағы бір қылмыстық бап – «Қинау» (ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі) бойынша айып тағылғаны белгілі болды.
Алғашында Бишімбаевтың ісі бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу басталды. Кейін «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру» – 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағына қайта сараланды.
Бұған дейін атышулы істерге қатысқан адвокат Хамида Айтқалиева редакция сұрақтарына жауап берді, атап айтқанда, іс бойынша жаңа мән-жайларға байланысты күдіктінің қандай жазаға тартылуы мүмкін екенін түсіндірді. Сондай-ақ, ол біраз уақыттан кейін қылмыстық істе неге жаңа, «Қинау» бабы пайда болғанын айтты.
«Заң шығарушы қинауға «денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқпаған, ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшыратуды» жатқызады. Сондықтан, Қылмыстық кодекстің 110-бабы күдіктіге соталды тергеу органы пікірінше, басқа кезеңдерде болған, өзге деректер бойынша тағылған болуы мүмкін.
Қылмыстық Кодекстің 110-бабы 2-бөлігі бойынша айып тағылғаны тергеудің білікті құрамды байқағанын білдіруі мүмкін, бұл дәлелденген жағдайда күдіктіге тағылған іс-әрекеттің аса қауіптілігін көрсетеді», – деп түсіндірді адвокат Айтқалиева.
Хамида Айтқалиева бұл қылмыстық іске қатысы жоқтығын, сондықтан күдіктінің әрекетін бағалауға құқығы жоқ екенін атап өтті.
«Мен бұл істің мән-жайын білмеймін. Күдіктінің әрекетін бағалауға құқығым жоқ. Менің ойымша, екі жақтың біріне жанашырлық танытқан әрбір адам сот шешімін күтуі керек», – деді адвокат.
Адвокат күдікті Бишімбаев екі қылмыстық әрекет үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін деген сұраққа жауап берді.
«Жазаға келетін болсақ, теориялық тұрғыдан алғанда, екі қылмыстық құқық бұзушылық жиынтығы бойынша (ҚК 110-бабы 2-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі) ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, айтарлыықтай қатаң жаза тағайындалуы мүмкін. Мысалы, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінде 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру не өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген. Күдіктің ауырлығын және ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің аса ауыр санатқа жататынын ескере отырып, ҚК-нің 54 және 58-баптарына сілтеме жасай отырып, аталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша сот не 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын, не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауы мүмкін», – деп түйіндеді адвокат.