BasNewsЖаңалықтар

Мейрамханаға хабарласқан полиция басшысы жұмыстан босатылды

Қарағанды облысы прокурорының ұсынуы бойынша Приозерск полициясының бірқатар қызметкерлері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды basnews.kz.

Приозерск прокуроры әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында қалалық Полиция бөлімі бастығының мейрамхана әкімшісіне бақылаушы-қадағалаушы органдардың тексерулерімен қорқытып, Жаңа жыл қарсаңында жұмыс істеуге тыйым салынатыны туралы телефон арқылы сөйлескен видеосын анықтады.

«Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы Конституциясының кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігіне кепілдік берілетіні туралы 26-бабының талаптарын бұзу дерегі анықталды.

Дерек бойынша Қарағанды облысының прокуратурасы қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде Тәртіптік комиссия Приозерск Полиция бөлімінің бастығын атқаратын қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта тиісті материалдар ҚР ІІМ-ге жолданды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, аталған Полиция бөлімінің 5 лауазымды тұлғасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Back to top button