BasNewsЖаңалықтар
Башқұртстан басшысы Қазақстанға келеді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Башқұртстан басшысы Радий Хабировтың алдағы сапары туралы хабарлады, – деп хабарлайды basnews.kz.
Башқұртстан басшысының Астанаға сапары 23-24 қаңтарға жоспарланған.
«Сапар аясында башқұрт делегациясы Қазақстан-Башқұртстан бизнес форумына, сондай-ақ екі республика арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысады», – деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.