Жаңа тамақтанып отырсам, көрші столдағы бір топ соғып отыр. Әңгімелерінің қисыны «коронавирустың өзі келмесе болды біздің проблема емес, Қытайдың экономикасы әлсірейтін болды, дұрыс болды». Коронавирустың өзі келмесе де тек Қытайдың ғана проблемасы емес.
«Қытай не АҚШ түшкірсе, әлемге тұмау тиеді».
Бұл вирус басталғалы қор нарығы, шикізат нарығы қалтырап отыр. Қор нарығы құлдырап жатыр. Мұнайдың бағасы түсті. Оған валютасының құны мұнай бағасына байлаулы біз сияқты елдер елеңдеп отыр.
Қор нарығының өсуі мен түсуі ақпарат ағынына тікелей байланысты. Әзірше коронавирустың өзінен бұрын дақпырты сұмдық болып тұр. Ол қор нарығына бірінші әсер етуде.
Әлемдік туризм нарығына да соққы тиді.
Тауар тасымалы еркін дегенімен де базарларда тауар тапшылығы аз болса да байқала бастады. Тапшы болмаса да алып-сатарлар соны желеу етіп баға көтере бастады. Алыс-беріс жұмысы қытаймен тығыз байланысты компаниялардың мамандары келмей, заттары жетпей, жобалары тоқтап қалды.
Әлемдік компаниялар Қытайдағы зауыттарын уақытша жауып жатыр. Электронды тауардың көпшілігі Қытайда жасалады. Тауар тасымалы тоқтамады дегенімен де, өндіріс көлемі азайса, келетін тауар болмайды. Бүгін тапшылықтан, ертең шығындарының орнын толтыруы үшін баға көтеріледі.
Әзірше экономика қиыншылықты сезіне қойған жоқ. Егер коронавирус жақында тоқтамаса біраз мәселе туындағалы тұр.
Ербол Азанбек
- орфографикасы мен стилистикасы сақталған
- дереккөзі facebook.com/azanbekov