BasNewsЖаңалықтар
Автобус жер астына түсіп кеткен: қайғылы оқиғаға жауапты 7 адам анықталды
Адамдар мінген автобус кімдердің кінәсінен жер астына түсіп кеткені анықталды, – деп хабарлайды basnews.kz.
Павлодар облысындағы «Майқайнзолото» АҚ аумағында болған апатты тексеру комиссиясы 4 қаңтар мен 24 қаңтар аралығында жүргізген арнайы тексеру қорытындысын жариялады.
«Комиссия 7 жауапты адамды анықтады, олардың әрекеті жазатайым оқиғаға әкеп соқты. Еңбек заңнамасына сәйкес тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілді», – деп хабарлады ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысы Данияр Андасов.